Фото:newsgomel.by
Қазгидромет синоптиктері 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары ғана Атлант циклонының әсерінен қарлы, боранды болады.
24 желтоқсанда күндіз республиканың солтүстігінде көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.
"Демалыс күндері ауа температурасы аздап төмендейді. Батыста түнде -3-8 градустан -8-13 градусқа дейін аяз, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында -5-13 градустан -10-25 градусқа дейін аяз, шығыста -15-23 градус аяздан -10-18 градус аязға дейін ауытқиды, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста біртіндеп 5-25 градустан 0-15 градус аязға дейін көтеріледі1, - делінген хабарламада.