"Қазгидромет" мамандары 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің мәліметінше, скандинавия түбегінен Қазақстан аумағына жылжитын антициклон әсерінен күн салқын болады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. 10-12 қыркүйекте түнде батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстікте, сондай-ақ орталықта топырақ бетінде 1-3 градус аяз болады", - делінген хабарламада.