Қазгидромет мамандары 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
"Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ауа температурасы күндіз батыста +30+38 градус, оңтүстік-батыста + 30+41 градус, солтүстік-батыста + 22+33 градус, солтүстікте, орталықта +22+30 градус, шығыста ауа температурасы + 17+25 градустан +23+31 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29 градустан +23+32 градусқа дейін жоғарылайды деп болжанған, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35 градус болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.