Қазгидромет 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"2 шілдеде батыста, 3 шілдеде солтүстік-батыста, 4 шілдеде республиканың оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауып, жел күшейеді. Қазақстанның барлық аумағында салқын ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.