"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27-29 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер болжамы бойынша, қар жауғаннан кейін Қазақстанға Солтүстік-Батыс антициклоны ығысады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы орнап, республиканың солтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Бірақ елдің батыс өңірлеріне Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан келетін жылы фронт әсер етеді. Осыған байланысты бұл өңірлерде күндізгі уақытта ауа температурасы жоғары болады деп болжанады.
"Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 7-15 градус аязға дейін төмендейді, еліміздің батысында күндіз термометр 0-5 градус жылыға дейін, ал оңтүстік-батыста 12 градусқа дейін, шығыста ауа температурасы түнде 15-23-тен 8-16 градус, күндіз 0-10 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 0-10 аяздан 0-5 жылыға дейін, күндіз 0-10 градустан 3-15 градусқа дейін көтеріледі, ал елдің оңтүстік-шығысында 7-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 3-11-ден 3 градусқа дейін аяз, 7 градус жылы болады", - делінген хабарламада.