19 нау, 2021 сағат 12:50

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 20-21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қара теңіз үстінде қалыптасқан циклон 20-21 наурызда Қазақстанның ауа райын анықтайды. Көптеген облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады және ауа температурасының жоғарылауы байқалады. Алайда, қыс берілгісі келмейді және кезекті антициклон біздің аумаққа батыстан ауысады. Бұл көктайғақтың пайда болуын әкелсе де, температураның айтарлықтай төмендеуіне әкелмейді», - делінген Қазгидромет хабарламасында.