24 шіл, 2020 сағат 13:35

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның территориясына өз ықпалын тигізуін жалғастырып жатыр. Соның әсерінен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 

Еліміздің солтүстік бөлігінде ауа температурасы төмендейді. 

Сондай-ақ, республиканың кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел күшейеді. 

Оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Бұршақ жаууы ықтимал. 

Тек батыста антициклонның арқасында жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.