25 қаз, 2019 сағат 18:08

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет демалыс күндері ауа райы қандай болатындығы туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің болжамынша, белсенді циклондар Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын-шашын және желдің күшеюіне әкеледі.

«Республиканың оңтүстік жартысында ауа райын бұрынғыдай антициклон анықтайды, сондықтан аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс және солтүстік облыстарында батыс ағымдарымен Атлантикадан жылы және дымқыл ауа массаларының жылжуымен ауа температурасының климаттық нормадан 6…11°С жоғары болса, алдағы демалыс күндері жылу Қазақстанның қалған территориясына тарайды», - делінген хабарламада.