20 қыр, 2019 сағат 13:10

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

20-22 қыркүйек күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында күн ыстық болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық шептерден тұратын барикалық жыра Қазақстанның батыс бөлігіне ығысып, республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында ауа райының бұлтты, жауын-шашынды болуына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Жексенбі күні ауа ағындары солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарға, ал дүйсенбіде оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерге жетеді. Осыған байланысты, аталған аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

Синоптиктердің айтуынша, демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы 30…38°С-қа дейін көтеріліп, климаттық нормадан 4…8°С жоғары болады.