23 там, 2019 сағат 14:28

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 24-26 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға атмосфералық фронттармен циклон жылжып келеді. Оның әсерінен елдің батыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы бұған дейінгі 35…40°С-тан кейін 20…30°С-қа төмендейді.

Сонымен қатар республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аудандарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшеюі мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік-батысының жекелеген аумақтарында өткінші жаңбыр, найзағай болжанады.

Республиканың өзге аймақтарында демалыс күндері жауын-шашын күтілмейді.

Ал орталық пен шығыста ауа температурасы күндіз 25…35°С-қа дейін көтерілуі ықтимал.