Синоптиктер 8-10 маусым - алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның көптеген облыстарында нөсер жаңбыр жауғаны белгілі. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында кей жерлерде жаңбыр құйды. Оған терең және өте белсенді циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар себеп болды.
Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты фронттар шығысқа жылжиды. Соның әсерінен бұрынғыдай найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде нөсер жауын болады. Ауа температурасы төмендейді.
Тек батыста, 9-10 маусым күндері солтүстік-батыста антициклон таралып, жауын-шашын болмайды. Күндізгі ауа температурасы плюс 28...33°С дейін, кей жерлерде 35...38°С дейін ысиды.