Ресейлік ғалымдар зерттеу жүргізіп, онда коронавирустан толық қорғану үшін адамда қанша антидене болу керектігін анықтады. Сондай-ақ, бірнеше айда COVID-19-ды қалай жеңуге болатынын белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі «Известия» газетіне сілтеме жасап.
Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург зерттеу Мәскеу денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп жүргізілгенін айтты. Оған Мәскеудің 4 мың тұрғыны қатысқан.
«300 антидене (халықаралық бірлік) «дельтадан» толық қорғайтынын анықтадық. Егер одан аз болса, «Спутник Лайт» вакцинасын салдыру қажет. Егер «Лайт» вакцинасының нәтижесінде 350-400 антидене болса, онда «Спутниктің» екінші дозасын егу қажет. Ал, егер сізде 500 бірліктен көп болса, онда сіз COVID-19 жұқтырмайсыз деген сөз», - деп түсіндірді ғалым.
Сондай-ақ, ол Ресей мен басқа да елдердегі шектеу шаралары туралы айтты. Ресейлік ғалым коронавирусты бірнеше айда жеңу үшін қанша адам егілу керегін айтты.
«Шектеу шаралары вакциналаудан бөлек ешқандай пайда әкелмейді. Егілген адамдар саны бірден артса ғана көмек береді. Сергей Собянин соңғы он күнде вакцина салдырғандар саны төрт есе (күніне) артқанын айтты. Бұл көрсеткіш, он есе жоғарылауы қажет. Сонда ғана инфекцияны бірнеше айда жеңуге болады. Бұған қоса, егілгендер мен вакцина алмағандарды екі бөлек ұстаған дұрыс болар еді. Антиденесі үш жүзден асатындарды шектемеуге болады», - деді Гинцбург.