ДДҰ сарапшылары Қытайдың Ухан қаласына жасалған сапардан кейін жаңа типтегі коронавирус зертханадан тараған деген нұсқа күмәнді деген қорытындыға келді. Мұндай қорытынды сейсенбі күні ДДҰ сайтында жарияланған баяндамада жазылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Зертханалық жағдай нәтижесінде адамға ауысуы екіталай болып көрінеді», - делінген баяндамада.
Онда «аралық тасымалдаушы» арқылы вирустың адамдарға берілуі «өте ықтимал» деп көрсетілген.
Сондай-ақ, құжатта жарғанаттар COVID-19-дың алғашқы тасымалдаушысы боп, содан кейін вирус басқа жануарлардың ағзасында мутацияға ұшырауы мүмкін екені айтылған.