09 сәу, 2021 сағат 20:45

ДДҰ: Әлемнің 194 елінде вакцина егу жұмысы жүргізіліп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Женевада өткен брифингіде 220 мемлекеттің 194 елінде коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Қазіргі уақытта 220 елдің 194-і коронавирусқа қарсы вакцинацияны бастады, 26 ел әлі бастаған жоқ», - деп мәлімдеді ол. 

ДДҰ басшысының айтуынша 26 елдің жетеуі екпе науқанын бастауы мүмкін. Тағы бес ел жақын арада вакцина алуы тиіс. Қалған 14 ел иммундау жұмыстарын түрлі себептер бойынша бастамаған. Гебрейесус атап өткендей, кейбірі дайын болмаса, өзгелері алдағы апталар мен айларда вакциналауды бастауды жоспарлап отыр.