17 шіл, 2020 сағат 16:50

ДДСҰ өкілі Қазақстанға алғыс айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге референс-зертханаларында тестілеу жүргізу мүмкіндігі үшін Қазақстанның Президенті мен Үкіметіне алғысын білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен Қазақстанның Үкіметіне, Президент Тоқаев пен Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 ықтимал жағдайларына қатысты ДДСҰ референс-зертханаларында тестілеу жүргізуге келісім бергені үшін алғысымды айтамын», - деп жазды Ханс Клюге Twitter парақшасында .