Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирусқа шалдығу деңгейі 15 пайызға төмендегенін мәлім етті. Бұл туралы ДДСҰ хабарлады.
Ұйым сайтында жарияланатын бюллетеньге сәйкес, өткен аптада әлемде вирусқа шалдығудың 3 миллионнан астам дерегі (3 016 005) мен одан қайтыс болудың 73 мыңнан астам жағдайы тіркелген. ДДСҰ мәліметінше, ауыр вирустан өлім-жітім оқиғаларының саны да 8 пайызға азайған.
Вирусқа шалдығу деңгейінің ең көп төмендеуі Оңтүстік-Шығыс Азия (31%) мен Еуропада (17%) тіркелген. Онымен бір мезгілде Африкада керісінше, 25 пайызға артқан. Солтүстік және Оңтүстік Америка тіркелген оқиғалар саны жағынан көш бастап тұр – мұнда өткен аптада індетті жұқтыру көрсеткіші 1,1 миллионға жеткен. Екінші орында Оңтүстік Шығыс Азия орналасқан (бір миллионнан астам жаңа оқиға). Үшінші орында - Үндістан (914 мыңнан астам адам).
ДДСҰ сондай-ақ 2021 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша, әлемде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 2,09 миллион дозасы салынғанын қосып өтті.