01 там, 2019 сағат 08:57

DAZN Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады

TalkSPORT басылымының редакторы Майкл Бенсонның айтуынша, қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін күзде өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Эдди Хирн Геннадий Головкиннің 5 қазан күні Лос-Анджелесте жекпе-жек өткізетінін айтты», - деп жазды Бенсон Twitter-дегі аккаунтында. Головкин кіммен айқасатыны әзірге белгісіз.

Бұған дейін Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға үш үміткер бар екендігі хабарланған.

Айта кетейік, Эдди Хирн де Головкин сияқты DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа отырған.