29 там, 2024 сағат 17:33

"Дауысын, жүзін және денесін жасыру". Тәліптер әйел дауысының естілуін күнәға жатқызып, тыйым салды

Фото: Getty Images

Өткен аптада Ауғанстандағы тәліптер "ізгілікті насихаттап, күнәні жоюға" бағытталған жаңа заңдарды қабылдады. Олардың ішінде әйелдерге енді көпшілік алдында сөйлеп, үйден тыс жерде жүздерін көрсетуге тыйым салынды. Бұл туралы BBC жазады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы жаңа "күнә мен ізгілікті шектеу" заңдарын айыптап, олардың қабылдануына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Жексенбі күні БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілі бұл жаңа заңдар Ауғанстанның болашағына алаңдауға негіз береді деп ескертті.

Заңды тәліптердің жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзада бекітті.

Ресми түрде "Ізгілікті насихаттау және күнәні алдын алу министрлігі" деп аталатын Әдеп министрлігі бұл заңдарды ешкім бұзбауы керегін өтті.

Жаңа ережелер тәліптердің "мохтасибтарына" (әдеп полициясы) ауған азаматтарының қоғамдық өміріне араласуға мүмкіндік береді.

Жаңа заңға сәйкес, әйел дауысы көпшілік орындарда естілгенде "күнә" болып саналады. Жаңа шектеулерде былай делінген: "Ересек әйел қажет болған жағдайда үйден шыққанда, ол дауысын, жүзін және денесін жасыруы керек".