«Қазгидромет» РМК 4 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақмола облысының Көкшетау қаласында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Нұр-Сұлтан қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, 23 м/с-қа дейін артады.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні түнде 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде 25 м/с жетеді. Сондай-ақ күндіз 44 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с құрайды. Бесқарағай, Үржар аудандарында, Семей қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с артуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.
4 маусымда күндіз, 5-6 маусымда тәулік бойы Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. 4-6 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 25 м/с артады. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
4-5 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с құрайды. Күндіз 5 маусымда ауа температурасы 12-17 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Түнде 5 маусымда кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.