Фото: ortcom.kz
«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте ұлттық құндылықтарды жастардың бойын сіңіруде сапалы контет қалыптастыру маңызды деп есептейді.
Бұл туралы ол Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысында айтты.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өткен іс-шара «Әділетті Қазақстан және ұлттық құндылықтар» тақырыбына арналған болатын.
«Жастадың бойына ұлттық менталитетті сіңіру мәселесінде заманауи, тартымды, балалардың жас ерекшеліктеріне сай контенттер жасау қажет. Ұстаз ретінде бұл қадамның мемлекеттік деңгейде жасалуы аса маңызды дер едім. Жапония бұл мәселені уақытында түсініп, өзінің Уолт Диснейін құрды. Наруто сияқты бірқатар ұлттық кейіпкерлері арқылы өздерінің мәдениеттерін дәріптеді. Әртүрлі комикстерді, әлеуметтік желідегі дүниелерді аудиторияның жас ерекшеліктеріне сай дамытып, өз жастарына ғана емес, бүкіл әлемге мәдениетін, дәстүрін насихаттап жатыр. Егер біз осы мәселені қолға алып, қазірден бастап жұмыс жасамасақ, кейінгі ұрпаққа ұлттық құндылықтарды түсіндіру қиын болады», – деді Дархан Өте.