26 там, 2019 сағат 14:45

Дәрігерлер ең қауіпті қан тобын атады

"AB (IV) Rh" резусы теріс төртінші қан тобындағы адамдар қауіпті сырқаттарға жиі шалдығады, деп хабарлайды Sputnik "Известия" басылымына сілтеме жасап.

"Мұндай қан тобындағы адамдарда, өзгелерге қарағанда онкологиялық дерт жиі кездеседі. Әлемдегі адамдардың 8 процентінде осы қан тобы. Зерттеу мұндай адамдарда бала сирек туылатынын көрсеткен. Негізінен бір жынысты балалар болады", - деп хабарлайды Гарвард университетінің ғалымдары.

Вермонд университетінің ғалымдары да бұл қан тобындағы адамдар инсульт пен ми өзгерісіне жиі шалдығатынын дәлелдеді. Олардың есте сақтау қабілетіне де қауіп төнуі мүмкін. Ақыл-есінің нашарлап кетуі басқа адамдармен салыстырғанда 82 процентке жоғары.

Резусы теріс төртінші қан тобындағы адамдардың иммунитеті әлсіз болады. Сондықтан жиі ауырады.