Көптеген адам салмақ жоғалту өте қиын деп санайды. Бұл ой қате әрекеттерге негізделген теріс тәжірибенің салдарынан пайда болады. Нутрициолог Анна Макарова Instagram-дағы дұрыс тамақтану туралы блогында салмақ жоғалтуға кедергі келтіретін үш маңызды қателік бар екенін айтты, деп деп хабарлайды «Хабар 24» golos.ua сілтеме жасап.
Бірінші қателік – сіз тәрелкеңізге емес, салмаққа назар аударасыз. Салмақты азайту туралы шешім қабылданған кезде көбінесе зиянды әдістер қолданылады: ашығу, аш қарынға кардио, көмірсулардан бас тарту және т.б. Бірақ бұл қосымша салмақпен соғыс емес. Сіздің барлық назарыңыз диетаны құруға бағытталуы керек, маңыздысы тәрелкеңіздегі ас мәзірінде. Өйткені салмақ сіздің тұрақты тамақтануыңыздың салдары болып табылады.
Екінші қателік – сіз тамақсыз мүмкіндігінше ұзақ жүруге тырысасыз. Бұл сізді нәтижеден алыстататын ең үлкен қателік. Диета ұстаныңыз, алайда ешбір жағдайда тамақты өткізіп алмаңыз. Есіңізде болсын, салмақ жоғалту күніне қанша рет жегеніңізге байланысты емес, қанша тағам жегеніңізге байланысты. Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас міндетті және тіпті жеңіл тағамдар жеу де маңызды.
Үшінші қателік – сіз жеңіл нәрсе жеуге тырысасыз. Мысалы, салат денені барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ете алмайды. Сіздің тәрелкеңізде әрқашан жоғары тағамдық құндылығы бар және қалыпты мөлшерде тамақ болуы керек! Бұл - ақуыз өнімдері, көмірсулар және көкөністер мен жемістер.