01 шіл, 2020 сағат 10:11

Дәрі-дәрмек бағасын өсіргендерге қандай жаза қолданылады?

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіргендерге қандай жаза берілетінін айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Денсаулық сақтау вице-министрлігінде бағаны бақылау құзіреті бар. Бөлшекті түрде сату кезіндегі шекті бағаны белгілеу барысында бізде нақты талап бар. Маржа көлемі де реттеліп отырады. Сол себепті дәріханаларда сатылып жатқан дәрі-дәрмек қатаң бақылауда», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр дәрі-дәрмекті шекті бағадан асыра сатқандарға жаза барын, ондайларға әкімшілік айыппұл салынатынын ескертті.