Данияр Тиесов "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінен кетті. Бұл ақпаратты "Самұрық-Қазына" қорының қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Иә, шынымен, Тиесов мырзадан өз еркімен қызметінен босату туралы арыз түсті", - деді Ауғанов қордың онлайн брифингінде.
Бұған дейін Алик Айдарбаевтың "ҚазМұнайГаз" төрағасы ретіндегі өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғаны хабарланған болатын. Кейін оның денсаулығына байланысты қызметтен кеткені белгілі болды.