Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) кәсіби бокстағы келесі айқасын 25 мамырда АҚШ-та украиналық әлем чемпионы Александр Усик (16-12 КО) пен француз боксшысы Карлос Такаманың (36-5-1, 28 КО) бокс кешінде өткізуі керек болатын. Алайда, Sports.kz сайтында жарияланғандай, Рио Олимпиадасы чемпионының командасы айқасты кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған.
Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиев айтты.
«Даниярдың жекпе-жегінің өтетін күнін 25 мамырдан 8 маусымға - Геннадий Головкиннің кешіне ауыстыруды жөн көрдік. Айқас 10 раундтан тұрады, ал оның қарсыласын жақында жариялаймыз», - деді дереккөз.
Еске салайық, 8 маусымда орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі.