28 мам, 2021 сағат 19:11

Дания цифрлық коронапаспортын іске қосты


Дания ЕО-ның барлық аумағында жарамды болатын COVID-19 сертификатының ұлттық нұсқасы Coronapas қосымшасын іске қосты. Осыған байланысты Копенгаген әуежайында жұма күні баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды TV2 телеарнасы.

Цифрлық сертификат Данияның ішінде, сондай-ақ ЕО аумағынада саяхаттау үшін жарамды болады. Денсаулық сақтау министрі Магнус Хеунике атап өткендей, ел тұрғындарының жеке медициналық деректемелері қосымшада жоқ. 

Қаржы министрі Николай Вамменнің айтуынша, жеке куәлікті сертификатпен бірге ұсынудың қажеті шамалы. Онда вакцинация, антиденелердің болуы немесе коронавирусқа тапсырылған тестінің теріс нәтижесі туралы ақпарат көрсетілген.

Қосымшаны әзірлеу құны – 22 млн крон ($3,6 млн).