14 қаз, 2020 сағат 09:22

COVID-19: Халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерге қандай талаптар қойылады

Р Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов халықаралық екі жақты жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерге қандай талаптар қойылатынын айтты, деп хабарлай ды "Ұлт ақпарат".

«Әлемдегі КВИ бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шекарада бақылауды күшейту және инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына әуе рейстер санын қысқарту бөлігінде шекарадағы шараларды күшейту мәселесі шығарылды. Сонымен қатар, халықаралық екі жақты жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерде анықтама болмаса, оларды карантиндік стационарға жатқызбау үшін шекарада ПТР тест тапсыру ұсынылады. Ал жүргізушінің ауру жұқтырғаны расталған жағдайда, орналасқан жері бойынша карантинге жатқызылады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ерлан Қиясов коронавирустың таралуына тосқауыл қою бойынша мемлекеттік шекарадағы шаралар туралы түсіндірді.