29 нау, 2021 сағат 14:18

COVID-19: Johnson & Johnson Африкалық одаққа 220 млн доза вакцина жеткізеді

Дүйсенбіде Johnson & Johnson фармацевтикалық тобының Janssen атты бөлімшесі Африкалық сенімгерлік бірлестікпен коронавирус вакцинасының 220 млн дозасын сату жөніндегі келісімшартқа (AVAT) отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы өндірушіге сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлайды.

Агенттік вакцинаны Африкалық одақтың 55 еліне жеткізу 2021 жылдың үшінші тоқсанында басталатынын мәлімдеді. 

Африкалық одақ континент елдеріне COVID-19-ға қарсы вакцинаға тағы бір жол ашауға шақыратын AVAT механизмі арқылы препараттың 600 млн дозасын алдыртуды көздеп отыр. Африка елдерінің басшылары жыл соңына дейін континент тұрғындарының 60%-ын – 780 млн-нан астам адамды вакцинациялауды мақсат еткен. 

Сонымен қатар вакцинаның мол жеткізілуін Африка елдері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатысуымен жасалған COVAX халықаралық механизмі арқылы жүзеге асырмақ. 

Бүгінгі күні Африка елдеріндегі коронавирус жұқтырғандар саны – 4 072 935 адам, олардың 108 900-ы қайтыс болды. Ең көп жұқтырғандар саны ОАР-да анықталды, одан кейін Марокко, Тунис, Египет және Эфиопия тұр.