24 мау, 2020 сағат 17:10

COVID-19 бақылау орталығы веб-қосымшасының жаңартылған нұсқасына байқау жарияланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «COVID-19 бақылау орталығы» веб-қосымшасының жаңартылған нұсқасын әзірлеуге конкурс жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Байқауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Азия Даму Банкі (АДБ) және «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қолдауымен және ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жүргізеді. 

Жеңімпазбен 50 000 АҚШ долларына дейін келісімшарт бекітіледі. 

Astana Hub» технопаркінің хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйесін инфекцияға ұшыраған, қатынасқа түскен және коронавирустық инфекциядан сауығып кеткен адамдар бойынша деректерді есептеу мен бақылау жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланады. 

Ауру жұқтырғандар санының өсуіне нәтижелі түрде мониторинг жүргізіп, жедел шешім қабылдау үшін «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйесіне толықтырулар енгізу ұйғарылған. Бұл веб-бағдарлама Open source App негізінде жасалған.

«COVID-19 бақылау орталығы» веб-қосымшасы жаңа нұсқасын дайындау үшін 18 жастан асқан тұлғалар немесе 3 адамға дейінгі командалар қатыса алады. Ол үшін үміткерге төмендегідей талап қойылады. 

- Python 3 білу;

- Scalable веб қосымшаларын әзірлеудегі тәжірибе;

- Стандартты DevOps құралдар жиынтығы (git, docker, CI/CD);

- Flask, FastAPI, Celery, Pandas, SQLAlchemy сияқты бағдарламалармен жұмыс тәжірибесі;

- SQL білу, Postgres-пен жұмыс істеу тәжірибесі;

- HTML5, Native JS/JQuery білу;

- Linux, Bash-пен жұмыс тәжірибесі.

Барлық сұрақтар бойынша rnd@astanahub.kz поштасына жүгінуге болады. Өтінімдер 24 маусымнан 5 шілдеге дейін қабылданады.