Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында тағы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жарыстың аталған сатысындағы бір кездесуде «Порту» (Португалия) мен «Ювентус» (Италия) командалары шеберлік байқасады.
Ойын елорда уақытымен 01.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда доп додасында бұған дейін екі мәрте кездесті. 2017 жылы 1/8 финалда итальяндық клуб қарсыласын екі ойында 1:0, 2:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.
Екі команда құрамында жарақат алған ойыншылар саны көп емес. Тек «Порту» құрамында Фернандо Андраде кездесуден тыс қалып отыр.
Кездесуге испаниялық Карлос Дель Серро Гранде қазылық етсе, оған отандастары Хуан Юсте Хименес пен Роберто Алонсо Фернандес көмекшілік жасайды.
Ойын Порту қаласындағы «Dragão» стадионында өткізіледі.
Бүгінгі тағы бір кездесуде «Севилья» (Испания) және «Боруссия Дортмунд» (Германия) жасыл алаңға шығады.
Ойын елорда уақытымен 01.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұған дейін аталған клубтардың Чемпиондар лигасында жолы түйіскен емес.
Ал Еуропа лигасында 2010 жылы топтық кезеңдегі алғашқы ойында «Севилья» қарсыласын 1:0 есебімен жеңіп, қарымта ойында 2:2 есебі тіркелді.
Испандық клуб жарысты жалғастырды.
Бүгінгі кездесуге нидерландылық Данни Маккели бас төреші ретінде белгіленген.
Оған отандастары Хессел Стегстра мен Марио Дикс көмекшілік етеді. Ойын Севилья қаласындағы «Ramón Sánchez Pizjuán» стадионында өтеді.
Ойынға қатыса алмайтын футболшылар бар. Алған жарақатына байланысты «Севилья» құрамынан Хесус Навас, Лукас Окампос, Маркос Акунья, «Боруссия Дортмунд» қатарынан Торган Азар, Дан-Аксель Загаду, Аксель Витсель, Марсель Шмельцер, Роман Бюрки, Тома Мёнье, Лукаш Пищек жасыл алаңға шықпайды.
Қарымта ойындар 11 наурызға белгіленген.