Аурудың өсуін тежеу үшін Чехияда мектептер мен дүкендердің көпшілігі өткен дүйсенбіден бастап жабылды. Чехия Еуропада ауруға шалдығу деңгейі бойынша көш бастап тұр. Соңғы 14 күнде миллион адамға шаққанда 15 мың ауру жұқтыру жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ВВС агенттігі.
Ұлыбританияда бұл көрсеткіш миллион адамға шаққанда 1440 жағдайды құрайды.
Польшада сәрсенбі күні үкімет қарашаның аяғынан бастап коронавирус жұқтырғандардың ең көп статистикасын тіркеді. Бір күнде 17 260 жағдай аныталған.
Басқа көршілерде де жағдай осыған ұқсақ. Мажарстанда ауруға шалдығудың жаңа жағдайларының саны желтоқсандағы ең жоғары көрсеткішпен теңелді.
Мұнда күніне 6 мыңнан астам адам ауырады.
Мұндағы өлім-жітім деңгейі де ең жоғары. Елдің премьер-министрі Виктор Орбан ауруханаға жатушылар саны 8 мыңнан 20 мыңға дейін жетуі мүмкін деп ескертті.
Мажарстан Ресейдің «Спутник V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған ЕО-ның алғашқы елі болды, халықтың шамамен 10%-ы вакцина алды.
Словакияда да өлім мен инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары тұрақты түрде өсуде.
Сейсенбіде елдің премьер-министрі Игорь Матович ЕО-ның дәрі-дәрмек агенттігіне өмірге қауіп төніп тұрғанын ескертіп, ресейлік вакцинаны мақұлдауды тездетуге шақырды.
Бұған дейін Матович ЕО үкімін күтпестен және альянстағы көршілерге ескертусіз екі миллион доза «Спутник V» сатып алған.
Францияда интенсивті терапиядағы науқастардың саны азайған жоқ, сәрсенбіде тағы 264 адам қайтыс болды.
Билік ауруханалардағы жағдай өте алаңдатарлық дейді, бірақ олар жаппай вакцинациялау жолындамыз деп халықты сендіреді.
Вакцинация басталғаннан бері Франциядағы 67 миллион адамның тек 2 миллионы ғана вакцинацияланған.
Испанияда ауруға шалдығудың жаңа жағдайларының саны күрт төмендеді. Қаңтар айының соңында мұнда 10 наурызда тек 153 жағдай ғана тіркелді.
Испан дәрігерлері еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты. «Біз әбден тойдық» деген ұранмен дәрігерлер 35 сағаттық жұмыс аптасына жету және түнгі ауысымдардың санын азайту үшін көшеге шықты.
Италияда күн сайын тіркелетін жаңа ауру жұқтырушылар саны ақпан айының ортасынан бастап өсе бастады және бүгінде 22 409-ға жетті.
Пандемия басталғаннан бері мұнда 100 811 адам коронавирустан қайтыс болды.
Пандемия салдарынан Италияда орташа өмір сүру ұзақтығы 2020 жылы шамамен 82,3 жылға дейін қысқарды, деп хабарлады сәрсенбіде Istat Ұлттық статистика басқармасы.
2019 жылы Италия осы көрсеткіш бойынша Еуропалық Одақта бірінші орында тұрған еді.