Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері өзгертілгені туралы ақпарат тараған сәттен бастап Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының ресми сайтындағы салымшының жеке кабинетіне кіру қиындағаны туралы шағымдар тарады. БЖЗҚ баспасөз қызметі ақау жойылып, қазір сайт мүлтіксіз жұмыс істеп тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қордың қоғамман жұмыс қызметі ол ақауды жойды. Салымшылардың сайтқа бір уақытта жаппай кіруінен кедергілер пайда болған. Сондықтан мамандарымыз сайттың техникалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ол ақауды жойды. Қазір сайтқа кіру, салымшының жеке кабинетіне өту қызметтері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деп түсіндірді БЖЗҚ баспасөз қызметі.