01 шіл, 2020 сағат 09:43

Бюрабекова коронавирус туралы мәліметтердің неге бір-біріне сәйкеспейтінін түсіндірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус бойынша мәліметтердің ала-құла таралу себебі түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Иә, мұндай жағдайлар кездеседі. Себебі аймақтық деңгейдегі комиссиялардың өлім-жітімге қатысты мәліметтері біздің өлім-жітім жайлы жариялаған ақпаратымыздан кейін келіп жатады. Мұндай комиссия хаттаманы жеткізгеннен кейін ғана біз өлім жағдайы тіркелгені жайлы ақпарат таратамыз. Аймақтағы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінен сәл жаңарақ болуы мүмкін», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында