14 там, 2021 сағат 11:35

БҰҰ басшысы Ауғанстандағы Талибан өкілдеріне үндеу жасады

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Талибанды шабуылды тез арада тоқтатып, Ауғанстан мен оның халқының мүддесі үшін келіссөздер бастауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

«Соғысты таңдаған халықаралық қоғамдастыққа үндеуім мынадай: билікті әскери күшпен жаулап алу – жеңілетін тәсіл. Бұл ұзаққа созылатын азаматтық соғысқа немесе Ауғанстанды толықтай жабық мемлекетке әкеліп соқтыруы мүмкін.

Өйткені елдегі жағдай бақылаудан шығып барады», - деді Гутерриш Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде журналситерге берген сұхбатында. 

БҰҰ басшысы шиеленістің барлық тарапына олардың міндеті - бейбіт тұрғындарды қорғау екендігін еске салды.

«Соғыс әрекеттері салдарынан жазықсыз тұрғындар жапа шегіп жатыр», деп атап өтті Бас хатшы.

Осы жылдың басынан бері 400 мың ауғандық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың 80 пайызы – әйелдер мен балалар.

Еске салсақ, «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларын басып алды. Халықаралық ұйымдар дабыл қағып Ауғанстанда соңғы 72 сағатта ондаған бала қаза тапқанын жариялады.