Бұрын жаппай ауыл әкімін сайлап көрген ел Орта Азияда жоқ. Бірінші болып Қазақстан қолға алды. Бұл - тарихи қадам. Осы сайлаудың тарихи тәжірибесімен келесі саяси мәдениетке өтеміз.
Әкімдер сайлауының мақсаты тереңде. Бұл сайлау 2024 жылы өтетін аудан әкімдерін сайлауға дайындық. Осы тұрғыдан алғанда салмағы да үлкен.
Жалпы сайлау бізге ең негізгі 4 өзгерісті береді:
1. Әкімді халық сайлайды.
2. Әкімнің жұмысын ауыл кеңесі толық бақылайды.
3. Әкімнің жұмысы ұнамаса ауыл кеңесі оны қызметтен алу туралы бастама да көтере алады.
4. Әкімге салықтың 11 түрінен түскен өз бюджеті беріледі.
Сондықтан бұл жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарын жаңа шарттарда жұмыс істеуге көтереді. Меніңше оң өзгерістер. Ал енді қалай жұмыс істейді ауыл тұрғындарының белсенділігіне де байланысты. Сауатты саяси мәдениет болса, талап ете білсе заңда барлығы халық жағына қарай ойластырылған. Соны жұмыс істетуді білу керек.
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы
