9 тамыз – бүкіл әлемдік кітапсүйерлер күні екені белгілі. Осы айтулы мерекеге орай, «Балалар әдебиетін қолдау жылы» қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Балалар қандай кітап оқиды?» атты арнайы шара өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Баршаңызға белгілі, биыл 2021 жыл Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен «Балалар әдебиетін қолдау жылы» деп жарияланған болатын. Осы айтулы датаға орай, барлық өңірлерде балаларға арналған арнайы жиындар өткізілуде. Соны бірі – Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында өткен шара. Аталған шараға оқу орталықтың қызметкерлерімен қатар, оқырмандар, оқушылар және жастар қатысты.
«Мен енді кітапханашы ретінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығының бәсеңдеу екенін білемін. Балаларды кінәлауға болмайды. Ересектер кінәсі бар. Балаларға арналған ертегілер, әңгімелер жазылған жоқ. Жазылса да өте сирек. Қанша тырысқанымызбен, балалардың сұранысын бере алмай отырғанымыз рас. Мәселен, қазір балалар қазақ әдебиетін ғана емес, орыс әдебиетін, түрік әдебиетін, шығыс әдебиетін, әлем әдебиетін оқығысы келеді. Ал бізде әлемдік кітаптарды, оның ішінде балаларға арналған әлемдік кітаптарды қазақ тіліне аудару мәселесі ең өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Мәселен, Алматы қаласында қаншама уақыт Ұлттық аударма бюросы жұмыс істеді. Олар бірталай істер атқарды. Мәселен, Хәрри Поттердің аудармасының өзі неге тұрады десеңізші. Осындай кітаптардың көптеп аударылуын қолға алу керек негізі. Біз балалар кітап оқымайды деп кінәлағанымызбен, оның себеп-салдарына ешқайсымыз үңіліп жатқан жоқпыз», - дейді Екібастұз орталық кітапханасының кітапханашысы Ардақ Жұмағалиева.
Аталған шарада балаларға арналған қазақ тіліндегі кітаптарды аудиокітап ретінде шығару ұсынылды. Одан бөлек, биыл Сүлеймен Баязитовқа арналған вэб-ресурс жасалынып, «Балаға кітап сыйла» атты акциясын өткізу жоспарланды. Облыстық кітапхананың басшысы Шолпан Шахметованың айтуынша, қаланың әрбір азаматы кітапханаға кітап тапсырып, аталған шараларға үлес қоса алады екен.
«Иә, биыл «Балалар әдебиетін қолдау жылы» екені баршаңызға белгілі. Біз осы орайда игі істерді жүзеге асыруға бел байладық. Біздің шараларымызға қаламыздағы, облысымыздағы кез келген азамат үлес қоса алады. Атап айтқанда, өзіміздің оқырмандарымыз мен қала тұрғындары балаларға арналған кітаптарды осы жерге әкеліп тапсыра алады. «Тәрбие тал бесіктен» демекші, кітап оқу мәдениетін үйде қалыптастыру маңызды. Үйде ата әжесінің, ата анасының кітап бетін ашқанын көрген бала соған әуестенеді», деді облыстық кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова.
Аталған жиынға арнайы қатысқан профессор Бақытгүл Қапасова балалардың кәтап оқымауына адами фактор емес, жаңа технологияның әсері мол деп есептейді. Оның айтуынша, қазіргі таңда екінің бірінің қолында жүретін смартфондар, планшет, ноутбуктар, интернет барлығы да баланың табиғи қызығушылығын жойып бара жатқан көрінеді.
«Технология қанша өркендеп кетсе де кітаптың беретін ешкім бере алмайды. Кітаптан оқу мүлдем басқа. Сезімге берілу. Кітаптың беретіні үлкен. Бұл кітаптың сұраныста бар екендігі. Биылғы жылдың Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп бекітілуі де сондықтан. Кітап оқуға деген қызығушылықты ояту арқылы мәдениетті арттыру керек», деді профессор.
Естеріңізге сала кетейік, 9 тамыз – бүкіл әлемдік кітапсүйрелер күні екені белгілі. Осы айтулы мерекеге орай, «Балалар әдебиетін қолдау жылы» қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Балалар қандай кітап оқиды?» атты арнайы шара өтті. Баршаңызға белгілі, биыл 2021 жыл Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен «Балалар әдебиетін қолдау жылы» деп жарияланған болатын. Осы айтулы уақытқа орай, барлың өңірлерде балаларға арналған арнайы жиындар өткізуде. Соны бірі – Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында өткен шара. Аталған шараға оқу орталықтың қызметкерлері мен қатар, оқырмандар, оқушылар және жастар қатысты.