Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері бастау алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осыған дейін хабарлағанымыздай, бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына алты қазақстандық былғары қолғап шебері шыққан болатын. Сондай-ақ, олардың ½ финалдағы қарсыластарының белгілі болғанын да жазған едік.
Боксшылар ширек финалдан кейін, кеше, 19 қыркүйекте бір күндік үзіліс алды.
Бүгін алты боксшымыз финалға жолдама алу үшін шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) басталады.
Күндізгі сессия:
52 келі - Сәкен Бибосынов - Амит Пангхал (Үндістан)
75 келі - Тұрсынбай Құлахмет - Эмир Марсиал (Филиппин)
91 келі - Василий Левит - Хулио Кастилло (Эквадор)
Кешкі сессия - 20:00:
69 келі - Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замков (Ресей)
81 келі - Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Ла Крус (Куба)
+ 91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев - Джастис Хуни (Австралия).
Әлем чемпионатының финалдық бәсекелері 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 17.00-20.30 аралығында өтеді.