27 қаз, 2019 сағат 10:01

Бүгін ауа райы жауын-шашынды болады?

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады. Кей жерлерде жауын-шашынды болады. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»

«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар, Ақмола облыстарында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Қарағанды облыснда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.