05 қар, 2024 сағат 11:00

Бүгін АҚШ-та президент сайлауы өтеді: қорытынды сауалнамаларда кім жеңіп тұр?

Фото: ашық дереккөз

Демократтар кандидаты Камала Харрис экс-президент Дональд Трамптан 4 пайыздық тармаққа алда тұр – бұл АҚШ сайлауы алдындағы соңғы сауалнама нәтижесі деп хабарлайды. Бұл туралы The Hill хабарлады. Сауалнаманы PBS News/NPR/Marist компаниясы жүргізген.

Олардың мәліметінше, Харриске респонденттердің 51%-ы қолдау білдірсе, Трампқа 47% қолдау көрсеткен.

Сауалнама нәтижелері 2020 жылдағы нәтижелермен дерлік бірдей: сол жылы президент Байден респонденттердің 51% қолдауына ие болса, Трамп – 47% қолдауына ие болған еді.

PBS News/NPR/Marist сауалнамасы 31 қазаннан 2 қарашаға дейін 1,3 мың болжамды сайлаушы арасында жүргізілді. Оның қателік көрсеткіші 3,5 пайыздық тармаққа тең.