Бейсенбі кешке Брюссель полициясы Буа-де-ла-Камбр саябағындағы акцияға жиналғандарды күшпен таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазіргі кезде Бельгияның жоғары оқу орындарының студенттері көктемгі демалыста. Сол себепті жастар саябақ мен алаңдарға барады. Өйткені, қалада кафе, ресторан және қоғамдық-мәдени орындар жабық.
Әлеуметтік желіде «1 сәуір күні «La Boom» фестивалін өткізілетіні жөнінде хабар тараған. Нәтижесінде бельгиялықтар арасында танымал Буа-де-ла-Камбр саябағына 1 500-нан 2 000-ға дейін адам жиналған, олардың басым бөлігі – жастар.
Брюссель мэрі Филипп Клоуз Туиттерде адамдардың «таза ауа жұтқысы» келетінін түсінетінін жазды, алайда, дәрігерлер пандемиямен күресіп жатқан жергілікті ауруханалардағы ауыр жағдайға қарап, биліктің бұндай жиындарды құптамайтынын жеткізді.
Кешкі сағат 18:00-де полиция жиналғандарды таратуға кірісті. Наразылық білдіргендер жағынан да, полиция жағынан да бірнеше адам жарақат алды. Атты полиция бақ арасындағы адамдарды қуып шығып, сағат 21:00-де тәртіп орнады.
Еске сала кетейік, Бельгияда кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін комендат сағат жарияланған.