Британияда коронавирус алғаш рет үй жануарында тіркелді. Бұл ретте, Денсаулық қауіпсіздігі жөніндегі агенттіктің мәлімдеуінше, мұндай жағдайлар өте сирек болады және иттер, мысықтар мен өзге де жануарлардың өз иелеріне вирус жұқтыра алатынына қатысты дәйекті дәлелдер жоқ. ҚазАқпарат бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Мысықтар мен иттердің иелеріне қарапайым гигиеналық талапты ұстанып, қолды жиі жуу ұсынылады. Агенттік мәліметіне сәйкес, коронавирус есік тұтқасында сияқты қысқа уақытқа жануарлардың жүнінде де сақталуы мүмкін.
Британияның бас ветеринары Кристин Миддлмисс ВВС-ге айтуынша, «коронавирус жұқтырған ит мүлдем басқа сырқатпен емделуге түскен. Қазір жазылып келеді. Иттер коронавирусқа өте сирек шалдығады және бірнеше күнде аяғына тік тұрады».
Денсаулық қауіпсіздігі жөніндегі агенттік адамның коронавирусты үй жануарларынан жұқтыруына қатысты нақты қауіпті көрсететін жаңа мәліметтер пайда болған жағдайда, бұл туралы бірден хабарлауға уәде етті.