Фото: Getty Images
Бразилия Жоғарғы сотының алқасы өткен аптада Илон Масктың X әлеуметтік желісін (бұрынғы Twitter) бүкіл ел бойынша толығымен бұғаттау туралы шешімін қолдады, деп хабарлайды ВВС.
Алқаның барлық мүшелері желіні бұғаттауды мақұлдады, алайда олардың үшеуі X биліктің талаптарын орындаса, шешім қайта қаралуы мүмкін екенін айтты.
X платформасы сенбі күні таңертең бүкіл Бразилияда бұғатталды. Осы кезде компанияның үкіметпен ардағы дауда оның мүддесін қорғайтын жаңа адвокатты тағайындау мерзімі аяқталды.
Желіні бұғаттау Жоғарғы сот судьясы Алекшандри ди Мораис пен X иесі Илон Маск арасындағы қақтығыстың шарықтау шегі болды. Олардың дауы сәуір айында, сот платформа әкімшілігіне жалған ақпарат таратқан ондаған аккаунттарды бұғаттауға бұйырық берілген кезде басталды.
Әйтпесе, компанияның Бразилиядағы өкілін қамауға аламыз деп қорқытты, деп мәлімдеді X желісі.
Компания елдегі кеңсесін жауып, цензура деп атаған нәрсеге бағынбайтынын мәлімдеді. Маск судьяны тиран және диктатор деп атап, барлық тоқтатылған аккаунттарды қайта іске қосамын деп қорқытты.
30 тамызда Мораис желіні бұғаттау туралы шешім шығарып, содан кейін мәселені Жоғарғы Соттың бес адамнан тұратын алқасына қарауға жіберді.
Осыған дейін SpaceX компаниясының бұрынғы қызметкерлері Илон Маскты сотқа бергенін жазған едік.