Бразилияда Амазониядағы сұрапыл өртке байланысты шөпті өртеуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC-ге сілтеме жасап.
«Бразилия президенті Жаир Болсонаро Амазонкадағы орман өртіне байланысты алдағы 60 күнде шөпті өртеуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды», - делінген агенттік хабарламасында.
Еске сала кетсек, Амазонкадағы «ғаламшар өкпесі» деп аталатын тропикалық ормандардағы сұрапыл өрт Бразилия аумағында тамыз айының алғашқы күндерінде басталған еді.
Елдегі бірнеше штаттарда төтенше жағдай жарияланды. Өрт ошақтары күн өткен сайын көбейіп барады.