Бразилия президентінің әйелі Болсонару Мишельдің коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.
«Бейсенбі күні Мишель Болсонарудың COVID-19 тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ол өзін жайлы сезінеді және тиісті хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 7 шілде күні Бразилияның президенті Жаир Болсонарудың коронавирус жұқтырғаны анықтады. Екінші талдау да президентте коронавирус бар екенін көрсетті .