11 нау, 2021 сағат 14:12

Бортында 13 адам болған ресейлік кеме Қара теңізге батып кетті

Бортында 13 теңізші бар Ресейдің құрғақ жүк таситын кемесі Румынияның Констанца портынан 70 теңіз миль қашықтықта Қара теңізде батып кетті, деп хабарлайды Agerpress агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, құрғақ жүк бортындағы теңізшілердің бірі қаза тапқан.

Қазір бірнеше румыниялық құтқару кемесі экипаж мүшелерін құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Румынияның теңіздегі адам өмірін құтқару агенттігі (ARSVOM) апат орнына өзіне тиесілі Artemis кемесін жіберді.

Оқиға аймағындағы теңіз буырқанып жатыр, толқындардың биіктігі 4 метрге дейін жетеді.

Кеменің межелі пункті және бортта қандай жүк болғандығы жайлы әзірге хабарланбай отыр.