Танымал қазақ әншісі, "Ұлытау" тобының продюсері Қыдырәлі Болманов Жан Ахмадиевтің қыздарды сабағанына қарысты пікір білдіріп, Қазақстанда талқылануға тиіс басқа да проблемалар көп екенін айтты, деп жазады sputniknews.kz.
Рэпердің бұл әрекеті туралы сөз қозғаған Болманов әр адамның өз ойын ортаға салғысы келетінін атап өтіп, Ахмадиевтің не айтқысы келгенін қоғам түсінбеген шығар деп пайымдады.
Сонымен қатар, продюсердің айтуынша, қазір "хайп" деген жалған атақ үшін барын салатындар да жетіп артылады.
"Бұл бізге жаһандық желіден келіп отырған үрдіс. Көпшілік тез танымал болып, өзін танытқысы келеді, мұны жақсы дүние деп айта алмаймын. Біреуді "түзету" үшін ешқашан қолыма қамшы алмас едім", — деді Болманов.