«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы Т.А. Құлыбаевтың бұйрығымен бас директордың лауазымына 3 сәуірден бастап Болат Ақшолақов тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қауымдастық сайтына сілтеме жасап.
Болат Оралұлы 1971 жылы 9 сәуірде Атырау қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, есеп пен экономикалық кибернетика факультетін «экономист» мамандығы бойынша, 1998 жылы Мұнай және газ өндірісі білім орталығын «Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды бағалау» және «Мұнай өндіру экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі: Alem Bank Kazakhstan - экономист, бас экономист (1994-1995); (1995-1997); Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкi бөлім бастығы, департамент директоры (1997-2001); «Қазақойл» ҰМГК» ЖАҚ аға сарапшы, менеджер, бас менеджер, департамент директорының орынбасары; (2001-2003); Commonwealth and British Services Ltd. бизнес-талдаушы, менеджер, қаржы директоры (2003-2006); «Қазмұнайгаз» ҰМК» ЖАҚ ҚБ үлестерін басқару жөніндегі атқарушы директор, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (2006-2008); «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның электр энергетика және мұнай-газ активтері мәселелері жөніндегі басқарушы директоры (2009-2010); «PSA» ЖШС бас директоры (07.2010-10.2011); «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ президенті (10.2011-12.2011); Мұнай және газ вице-министрі (2012-2014); «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры (2014-2016); «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (2016-2017). Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі (2017-2019).