15 қыр, 2019 сағат 20:00

Бокстан әлем чемпионаты: Василий Левит жарысты жалғастырады

Қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келіде Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Василий Левит бүгін 1/8 финалда Словакиядан келген Давид Михалекпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қарсыласын жеңіп кетті.

Василий Левит бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте сынға түскен еді. 2009 жылы медальден құр қалса, 2017 жылы қола жүлдегер атанды.

Бүгін Қазақстан боксшылары қатарынан Қайрат Ералиев (57 келі) пен Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) жеңіске жетіп, жарыстың 1/8 сатысына жолдама алды.