18 қыр, 2019 сағат 18:13

Бокстан әлем чемпионаты: Қайрат Ерәлиев жарыстан шығып қалды

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қайрат Ерәлиев жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол 57 келі салмақта өзбек боксшысы Миразизбек Мирзахалиловпен қолғап түйістірген еді. Дегенмен бұл кездесуде Қайрат қарсыласына есе жіберіп қойды. Осылайша жартылай финалға өзбекстандық былғары қолғап шебері жолдама алды.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар қатарынан жартылай финалға Сәкен Бибосынов (52 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі) жолдама алған еді.

Сондай-ақ, бүгін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) түркиялық Байрам Малканмен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) Германиядан келген Нелви Тилфакпен шаршы алаңға шығады.