19 қыр, 2019 сағат 08:10

Бокстан ӘЧ: 6 қазақстандықтың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшыларымыздың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеше бокстан әлем бірінішілігінде ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан құрамасынан алты боксшы жартылай финалға жолдама алды. Бұл дегеніміз қоржынымызда 6 медаль бар деген сөз. Енді оның нешеуі күміс, нешеуі алтын болатынын алдағы уақыт көрсетеді.

Бүгін сол алты алты боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады.

Атап айтар болсақ, 52 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Сәкен Бибосынов үндістандық Амит Пангхал мен шаршы алаңда кездессе, 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов шаршы алаң қожайыны Андрей Замковоймен қолғап түйістіреді.

75 келі салмақта жартылай финалға сүрінбей жеткен Тұрсынбай Құлахмет Филиппин боксшысы Эумир Марсиальмен жұдырықтасады. Ал 81 келі салмақтағы боксшымыз Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалда кубалық Хулио Ла Крус күтіп тұр. Рио Олимпиадасында ел қоржынына күміс жүлде сыйлаған 91 келі салмақтағы Василий Левит жартылай финалда Эквадор боксшысы Хулио Кастильомен жекпе-жекке шығады.

Аса ауыр салмақтағы (+91 келі) Қамшыбек Қоңқабаев болса австралиялық Джустис Хунимен финалдық бәсекені сынға салады.

Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігіне Қазақстан құрамасынан 8 боксшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, олардың арасынан 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Зәкір Сафиуллин 1/8 айналымда 2017 жылғы әлем чемпионы және Панамерика ойындарының екі дүркін жеңімпазы, кубалық Энди Круз Гоместен ұтылып қалса, кеше ғана ширек финалдық жекпе жекте осыдан екі жыл бұрынғы әлем чемпионатында жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген 57 келідегі Қайрат Ералиев өзбек боксшысынан ұтылып қалды.

Айта кетсек, бүгін боксшылар үшін демалыс күні. Жартылай финалдық кездесулер 20 қыркүйек басталады. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталса кешкі сессия – 20.00-де. Ал 21 қыркүйек күні финалдық бәсекелер 17.00-20.30 аралығында өтеді.